Ағаш тозаңдарының көлемi мен фертильдiлiгi арасындағы корреляциялық байланыс
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
қала, ағаш, бұта, тозаң, фертильдiлiк, индикаторАңдатпа
Мақалада Ақтөбе қаласының көшелерiнде өте жиi кездесетiн бес модельдiк
ағаштар мен бұталар: кәдiмгi қарағаш (Ulmus pinnato-ramosa), жылтыр қарағаш (Ul
mus laevis), шағанжапырақ үйеңкi (Acer negundo), көктерек (Populus tremula) пен наурыз
мамыргүлiнiң (Syringa vulgaris) тозаңдары зерттелдi. Олардың мөлшерi мен фертильдiлiгi
арасындағы корреляция шамасы анықталды. Тозаңның стерильдiлiгi өсiмдiктердiң нақты кебу
немесе өлу белгiлерi пайда болғанға дейiн олардың әлсiреген күйiнiң индикаторы бола алады.
Жүргiзiлген талдау Ulmus laevis, Acer negundo ағаштары тозаңдарының қала жағдайына
сезiмтал екендiгiн және оларды урбандалған аймақтарды бақылау мақсатында қолдануға
болатындығын көрсеттi.






