«Нақты уақыт» режиміндегі полимеразды тізбекті реакция әдісімен тамақ өнімдерінің түрлік фальсификациясын анықтау бойынша хаттама әзірлеу


Қаралымдар: 97 / PDF жүктеулері: 102

Авторлар

  • Г.К. Абитаева ҚР БҒМ ҒК «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» ШЖҚ РМК
  • А.К. Шагирова ҚР БҒМ ҒК «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» ШЖҚ РМК
  • М.Р. Толеубекова ҚР БҒМ ҒК «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» ШЖҚ РМК
  • Н.А. Кущева ҚР БҒМ ҒК «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» ШЖҚ РМК
  • А.Б. Абеев «ABIOTECH» ЖШС
  • З.С. Сармурзина ҚР БҒМ ҒК «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» ШЖҚ РМК

Аңдатпа

Ет өнімдерінің фальсификациясы бүкіл әлемде маңызды проблемаға айналуда, оның ішінде сәйкес келмейтін таңбалау, тыйым салынған қоспалар немесе құрамына кіретін қымбат қоспаларды арзан қомпоненттермен  алмастыру. Мұндай манипуляциялардың салдары тұтынушы денсаулығына әртүрлі қауіпті болуы мүмкін, мысалы, тамақ аллергиясы, улану. Мақалада шикі және термиялық өңделген ет өнімдерінде нақты уақыт режимінде полимеразды тізбекті реакция әдісімен тауықтың митохондриялық геномының (Gallus gallus) ДНҚ-сын сапалы анықтауға арналған хаттама жасалды.

Зерттеу әдістері. Мақала тауық, күркетауық, жылқы, қой, шошқа және сиыр етінен ет пен ет өнімдерінің қоспаларын анықтау үшін жүргізілді. Фальсификацияны зерттеу үшін еттің 9 түрінен және өсімдіктің екі түрінен алынған 11 үлгі дайындалды. PrepMan Ultra ДНҚ оқшаулау жиынтығының (Thermo Fisher, АҚШ) көмегімен 1 900 нг/мкл және 140 нг/мкл аралығында жоғары концентрациясы бар ДНҚ алынды. Арнайы праймерлер мен флуоресцентті зондтарды таңдау GenBank-тен алынған Gallus gallus генінің реттілігін теңестіру негізінде жүргізілді. Барлық тізбектер Primer Designer 3.0 бағдарламалық жасақтамасының көмегімен тураланған және ThermoFisher-де синтезделген.

Нәтижелер. Зерттеу барысында нақты уақыт режимінде полимеразды тізбекті реакция әдісімен тамақ өнімдерінің түрлік фальсификациясын анықтау бойынша хаттама әзірленді. ПТР хаттамасының арнайылылығын анықтау үшін  ДНҚ үлгілерінің коллекциясына сыналып және сезімталдықты анықтау үшін әртүрлі ДНҚ мазмұны бар ПТР қойылды. Тауықтың ДНҚ-сы ДНҚ матрицасында 0,01–10% аралығында айқын байқалды.

Қорытынды. Зерттеулер көрсеткендей, әзірленген хаттама нақты уақыт режимінде полимеразды тізбекті реакция әдісімен тауықтың ДНҚ-сын анықтаудың жоғары сезімтал және нақты экспресс әдісі болып табылады, бұл оларды жануарлардың ДНҚ-сын анықтау диагностикасында қолдануға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абитаева, Г., Шагирова, А., Толеубекова, М., Кущева, Н., Абеев, А., & Сармурзина, З. (2023). «Нақты уақыт» режиміндегі полимеразды тізбекті реакция әдісімен тамақ өнімдерінің түрлік фальсификациясын анықтау бойынша хаттама әзірлеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 140(3), 60–75. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/215

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)