Әр түрлі жүзім сорттарынан ферментті препараттың көмегімен ресвератролды алу


Қаралымдар: 156 / PDF жүктеулері: 77

Авторлар

  • А.А. Сапарбекова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

жүзім, жүзім помасы, ресвератрол, полифенолдар, ферментті препарат

Аңдатпа

Оңтүстік Қазақстанда барлық қазақстандық жүзімнің 70 пайызы өсіріледі және жыл сайын жүзім алқабы артуда. Түркістан облысында шарап материалдары мен шарап өндіретін зауыттар жұмыс істейді, олардың қызметі жүзім сығындыларының түзілуімен байланысты, оларды кейіннен ірі қара малға азық ретінде пайдалануға; жүзім сірке суын дайындауға; спирт өндіруге; ашытқы өсіру үшін қоректік ортаны дайындау кезінде қолдануға болады. Бірақ, жүзім сығындыларының ерекше биохимиялық құрамын ескеріп, мұндай пайдалану әрдайым ұсынылмайды. Мақалада ферментті препараттарды қолданып, жүзімнің әртүрлі сорттарынан ресвератролды алу әдістері қарастырылады.

Ресвератрол-бұл қызыл жүзімнен, жүзім сығындыларынан және жүзім сүйектерінен  бөлінген, антиканцерогендік, антитотықтырғыш және қабынуға қарсы қасиеттері бар полифенолдар тобындағы биологиялық белсенді заттар. Бөліп алу тәжірибелері A. awamori F-RKM 0719 мәдениетін, пектинол F-RKM 0719 ферменттік препаратын және бақылауды қолданып, үш комбинацияда жүргізілді. Жүргізілген талдаулар Пектинол F-RKM 0719 ферменттік препаратын пайдалану тиімділігін толық анықтады. Барлық жүргізілген тәжірибелерде бақылау тәжірибелерімен салыстырғанда бөлінген ресвератрол мөлшерінің екі есе өсуі байқалады. Пектинол F-RKM 0719 ферменттік препаратын өндіруші A. awamori F-RKM 0719 штаммын қолдану ресвератролдың шығымына оң әсерін көрсетті. Каберне Совиньон  түрін қолданған кезінде ресвератролдың шығымы өте көп  болады, бұл әртүрлі сорттардың жүзім жидектерінен ресвератролды алу бойынша алдын-ала жүргізілген тәжірибелерге сәйкес келеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сапарбекова A. (2022). Әр түрлі жүзім сорттарынан ферментті препараттың көмегімен ресвератролды алу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 139(2), 6–14. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/369

Журналдың саны

Бөлім

Статьи