Уран өндірісі маңында тұратын халықтың биологиялық сынамаларындағы уранның мөлшерін бағалау
Қаралымдар: 196 / PDF жүктеулері: 216
Кілт сөздер:
радиация, уран, радиоактивті қалдықтар, биологиялық сынама, дозалық жүктеме, радионуклидтерАңдатпа
Өндірістік қалдықтармен қоршаған ортаның ластануы, қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Сол себепті радиоактивті қалдықтар қоймасының маңында тұратын тұрғындар үшін, оның ұзақ жылдар бойына адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеп, бұл мәселені шешу жолдарын анықтау маңызды болып табылады.
Мақалада радиоактивті қалдықтар қоймасы аймақтарындағы радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне, еліміздегі радиоактивті қалдықтарды сақтау орындарының қазіргі жағдайы туралы мәліметтерге шолу жасалған. Сонымен қатар радионуклидтердің, негізінен, уран қатарының қоршаған орта объектілерінде қозғалу жолдарына сипаттама беріліп, адам ағзасындағы радионуклидтердің мөлшерін бағалаудың және сәулелену дозасын есептеудің негізгі тәсілдеріне шолу жасалған. Басты назар биологиялық сынамалардағы (шаш, тырнақ, зәр) уранды анықтауға аударылды.