Кочи қатыраны және Шығыс майракебісі тамырларынан алынған крахмалдың қасиеттерін зерттеу
Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
дәстүрден тыс шикізат, крахмал, тұтқырлық, крахмалдың ерігіштігіАңдатпа
М ақала ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін шикізаттың дәстүрлі емес көздерін іздестіру және зерттеу мәселесін қозғайды. Өсімдіктер адам үшін әртүрлі материалдардың, дәрі-дәрмектердің және тағамның әмбебап көзі болып табылады. Крахмал -азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі үшін де, қаптама материалын өндіру үшін де құндылығы жоғары кең таралған өсімдік биополимерлерінің бірі. Өсімдіктердің барлық түрлері крахмал синтездей алады, бірақ олардың арасында крахмалды бойына айтулы мөлшерде жинайтын түрлердің маңызы зор. Крахмалдың ең танымал көздері - картоп, дәнді дақылдар, тропик елдерде маниок өсімдігі болып табылады. Әртүрлі өсімдіктерден алынған крахмалдың қасиеттері әртүрлі болғандықтан оларды қолдану аясы бірдей болмауы мүмкін. Қырыққабаттар тұқымдасына жататын түрлер түр формаларының және таралу аймағының алуан түрлілігіне ерекшеленеді. Бұл тұқымдасқа қарасты біраз өсімдік түрлері мәдени дақыл ретінде еңгізіліп және тағамдық шикізат есебінде кеңінен қолданылады, ал басқа әлеуеті жоғары көптеген түрлердің тағамдық және биологиялық құндылығы әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Бұл мақалада дәстүрлі емес өсімдік шикізатынан – Қырыққабаттар тұқымдасының өкілдері болып табылатын Кочи қатыраны мен Шығыс майракебісі өсімдіктерінің тамырларынан бөлініп алынған крахмалдың қасиеттерін зерттеу нәтижелері қарастырылған. Зерттеулер барысында Кочи қатыраны және Шығыс майракебісі өсімдіктерінің тамырлары бойында крахмалдың едәуір мөлшерінің жинақталатыны және мөлшері жағынан картоптқа жақындайтыны анықталды. Крахмал қатыран мен майракебістің тамырларында жинақталады, демек атаулы шикізатты өңдеу технологиясы маниок тамырынан крахмал алу технологиясына ұқсас болуы мүмкін. Қатыран мен майракебіс тамырларынан алынған крахмалды зерттеу барысында оның технологиялық, органолептикалық сипаттамалары, сондай-ақ физика-химиялық көрсеткіштері бойынша картоп крахмалынан кем түспейтіні анықталды, бұл оның тамақ өнеркәсібінде қолдануға жарамды етеді.Жүктеулер
Жарияланды
2024-12-30
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Аралбаев, А., Сейдахметова, З., Аралбаева, А., & Аралбай, Н. (2024). Кочи қатыраны және Шығыс майракебісі тамырларынан алынған крахмалдың қасиеттерін зерттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 149(4), 18–35. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/428
Журналдың саны
Бөлім
Статьи