Өкпенің қатерлі ісігін диагностикалаудағы экзосомалар мен экзосомалық микроРНҚ рөлі


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Р.И. Берсімбай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • О.В. Булгакова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • A.A. Aрипова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.Ж. Каусбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Г.A. Токсобаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.А. Кусаинова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-136-3-51-63

Кілт сөздер:

өкпенің қатерлі ісігі, экзосома, экзомалық микроРНҚ, диагностика, сұйық, биопсия

Аңдатпа

Экзосомалар - бұл жасушадан жасушаға ақпарат тасымалдаушысы ретінде қызмет ете алатын, жасушааралық байланыста плеотропты функцияларды қамтамасыз ететін жасушалардың барлық дерлік түрлері шығаратын жасушадан тыс везикулалар. Экзосомалар қабылдаушы жасушаларға әртүрлі биомолекулаларды, соның ішінде ақуыздар мен нуклеин қышқылдарын тасымалдай алады. Әдеби шолуда экзосомалардың рөлі және өкпе қатерлі ісігін диагностикалауда биомаркер ретінде экзосомалық микроРНҚ қолдану мүмкіндігі туралы заманауи мәліметтер қарастырылған. МикроРНҚ онкогендер немесе ісік супрессорлары ретінде әрекет ете алады, сондықтан олар онкогенезде маңызды рөл атқаратын гендердің экспрессиясын реттей алады. Қазіргі уақытта экзосомалық микроРНҚ қатерлі ісік диагнозын қою үшін сұйық биопсияның молекулалық маркерлерінің рөліне негізгі кандидаттардың бірі болып табылады. Әдеби шолу экзосомалық микроРНҚ-ны өкпе қатерлі ісігінің биомаркері ретінде қолдануға баса назар аудара отырып, канцерогенезде экзосомаларды қолданудың диагностикалық әлеуеті талданды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-01-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Берсімбай R., Булгакова O., Aрипова A., Каусбекова A., Токсобаева G., & Кусаинова A. (2025). Өкпенің қатерлі ісігін диагностикалаудағы экзосомалар мен экзосомалық микроРНҚ рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 136(3), 51–63. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-136-3-51-63

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)