Радонның клеткалық және молекулалық әсерлеріндегі митохондрияның рөлі


Қаралымдар: 27 / PDF жүктеулері: 13

Авторлар

  • О.В. Булгакова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Г.А. Токсобаева Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.А. Арипова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.Ж. Каусбекова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.А. Кусаинова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Р.И. Берсімбай Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-135-2-71-85

Кілт сөздер:

радон, митохондриялық ДНҚ, радонның молекулалық әсері, радонның клеткалық әсері

Аңдатпа

Митохондрия - бұл өзінің митохондриялық ДНҚ бар және клеткалардың тіршілік етуі, апоптоз және клетка метаболизмі сияқты көптеген процестерді реттеуге қатысатын клетканың ерекше органоиды. Митохондрия көптеген неоплазиялардың дамуындағы қатерлі трансформация механизмінде жетекші рөл атқаратыны бұрыннан белгілі. Радон- радиоактивті

инертті газ болып табылатын канцерогендерге жатады және Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының мәліметтері бойынша темекі шегуден кейінгі өкпе қатерлі ісігінің екінші себебі болып табылады. Радон топырақта, суда және ауада әртүрлі концентрацияда болады. Радон топырақтан және тау жыныстарынан қоршаған ауаға ауысады, нәтижесінде нашар желдетілетін немесе жабық жерлерде жиналады. Мұндай аймақтар адамдар радонның радиоактивті сәулеленуіне ұшырайтын бастапқы орта болып табылады. Радон жер қыртысындағы жарықтар арқылы өтіп, атмосфераның төменгі қабаттарында жиналады. Ауадағы радон концентрациясының жоғарылауы уран кен орындарына бай аймақтарда, сондай-ақ уран кен орындарының жанында байқалады. Алайда, қазіргі уақытта радон қоздырған қатерлі трансформация механизмдері әлі де айқын емес. Бұл шолуда біз алғаш рет митохондрияның иондаушы сәулеленудің, соның ішінде радонның молекулалық және клеткалық әсерлеріндегі рөлі туралы ең заманауи түсініктерді қарастырамыз. Мұндай білім радиациялық терапияның ісікке қарсы тиімділігін арттыру үшін, сондай-ақ, иондаушы сәулеленуге ұшыраған сау жасушалардың зақымдануын азайту және радон көрінісі бойынша ықтимал қауіпті аумақта тұратын халықты қорғау үшін үлкен маңызға ие болуы мүмкін.

Жарияланды

2023-02-16

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Булгакова, О. ., Токсобаева, Г. ., Арипова, А. ., Каусбекова, А. . ., Кусаинова, А. ., & Берсімбай , Р. . (2023). Радонның клеткалық және молекулалық әсерлеріндегі митохондрияның рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 135(2), 71–85. https://doi.org/10.32523/2616-7034-2021-135-2-71-85

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)