Mycobacterium tuberculosis алынған NucS эндонуклеазасының биохимиялық және функционалдық сипаттамасы
Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 3
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7034-2026-155-2-19-37Кілт сөздер:
туберкулез, Mycobacterium tuberculosis, NucS, ДНҚ репарациясы, қате жұпталған негіздерді жөндеу, антибиотикке төзімділікАңдатпа
- tuberculosis-тің дәріге төзімділігінің артуы жаңа молекулалық нысандарды іздестіруді қажет етеді. Бұл тұрғыдан перспективті объект болып микобактерияларда жоқ канондық MutS–MutL–MutH сәйкессіз негіздерді жөндеу жүйесінің функционалдық аналогы NucS эндонуклеазасы табылады.
Осы жұмыста M. tuberculosis-тен алынған NucS-тің биохимиялық және функционалдық сипаттамасы жүргізілді. MtbNucS және MtbDnaN рекомбинантты белоктары E. coli Arctic Express (DE3) жүйесінде алынды. MtbNucS G•T және U•G сәйкессіздіктері бар субстраттарға қатысты таңдамалы нуклеазалық белсенділік көрсететіні дәлелденді; катализдің оңтайлы жағдайлары — 25 мМ Tris-HCl (pH 8,0), 40 мМ MgCl₂ және 2,5 мМ MnCl₂. MtbDnaN сырғымалы қысқышы ферменттің белсенділігіне екі фазалы дозаға тәуелді әсер етеді. Сайтқа бағытталған мутагенез W52 және D137 қалдықтарының NucS белсенді орталығының қалыптасуындағы маңызды рөлін растады. Алынған мәліметтер MtbNucS-ті жаңа туберкулезге қарсы препараттар әзірлеудің нысаны ретіндегі перспективтілігін негіздейді.






