ТР53 генiндегi мутация радон-индуцирленген өкпе iсiгiнің перспективалы маркерi ретiнде


Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • А.А. Кусаинова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • О.В. Булгакова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Р.И. Берсимбай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

өкпе iсiгi, радон, ТР53 генi, мутация

Аңдатпа

Өкпенiң қатерлi iсiгi - негiзгi өлiм тудыратын онкологиялық аурулардың бiрi. Өкпенiң қатерлi iсiгi   көп жағдайда табиғаты жағынан мультифакторлы болып келедi. Оның патогенезiнде клеткадағы генетикалық және   эпигенетикалық өзгерiстермен қатар, қоршаған ортаға зиян келтiретiн факторлар маңызды рөл атқарады. Қазақстан   мемлекетi уранның iрi өндiрушiсi және экспортерi болып саналғандықтан, оның ыдырау өнiмi радонмен ластанудың   жоғары деңгейiне жеткендiгi байқалады. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша, радон - өкпенiң   қатерлi iсiгiнiң дамуына әкелiп соғатын темекiден кейiнгi екiншi фактор. "Ген сақшысы" ретiнде ТР53 генi мутагендерге   әсер етудiң ең көп таралған нысынасы болып табылады. ТР53 генiндегi мутация барлығы дерлiк iсiк ауруларында, оның   iшiнде өкпенiң қатерлi iсiгiнде жиi кездеседi. Мақалада этиологиялық жағынан сыртқы орта факторлары, соның iшiнде   радонның әсер ету барысындағы р53 әртүрлi мутантты формалары қарастырылады. 

Жарияланды

2026-06-06

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кусаинова, А. ., Булгакова, О. ., & Берсимбай, Р. . (2026). ТР53 генiндегi мутация радон-индуцирленген өкпе iсiгiнің перспективалы маркерi ретiнде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Биологиялық ғылымдар сериясы, 129(4), 75–80. Retrieved from https://bulbio.enu.kz/index.php/main/article/view/979

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)

1 2 > >>