Асбест индуцирленген канцерогенездің молекулалық аспектілері
Қаралымдар: 111 / PDF жүктеулері: 120
Кілт сөздер:
асбест, өкпе қатерлі ісігі, мезотелиома, канцерогенез, асбест индуцирленген мезотелиомаАңдатпа
Қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерінің бірі қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсерінен туындаған аурулардың алдын-алу және жекеленген медицина болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен қатерлі ісік ауруын зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметтері бойынша асбесттің барлық түрлері адам ағзасына жағымсыз әсер етеді және қатерлі ісіктің әртүрлі түрлерін қоздыруы мүмкін, бұл асбестті канцерогенді заттар тізімінің бірінші санатына қосудан байқалады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы ірі асбест өндіруші елдердің қатарына кіреді. Асбест шаңын жұту арқылы канцерогенездің негізгі механизмдерін, яғни асбест индуцирленген онкологиялық аурулар дамуының ерте кезеңдерін диагностикалау үшін түсіну қажет. Бұл мақалада хризотил асбестінің әсерінен пайда болатын канцерогенездің генетикалық және молекулалық механизмдері туралы қазіргі заманғы тұжырымдамалармен қамтылған және қосылыстың адам денсаулығына қауіптілігін растайды.