Iсiктiң қашықтн өсуi жағдайындағы бауырдың лимфалық дренаж жолдарының құрылымы
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
гепатокарцинома-29, бауыр, лимфалық дренаж, Диссе кеңiстiгi, Молла кеңiстiгiАңдатпа
Бауыр детоксикация мен метаболизмнiң орталық органы болып табылады және
ең жоғары дәрежеде қатерлi өсу өнiмдерiнiң уытты әсерiне ұшырайды. Сондықтан органның
лимфа дренажының тиiмдiлiгi барлық ағзаның гомеостазын қолдауда маңызды рөл атқарады.
Iсiк өсуiнiң өршуiне байланысты детоксикация мүшелерiне– бауыр және лимфа түйiндерiне
уытты жүктемелiгi артады. Iсiктi эндотоксикоз жағдайында бауырдың лимфа дренажының
және бауыр лимфа түйiндерiнiң бұзылуларын сипаттайтын құрылымдық өзгерiстер дамиды.
Бауырда Диссе және Малл кеңiстiгiнiң өсуi, паренхима жасушаларының iсiнуi және некрозы
байқалады. Бауыр лимфа түйiнiнде лимфа синусының көлемi артады, строманың iсiнуi және
лимфалық жасушалардың құрамы төмендейдi [1].
Мақаланың мақсаты СВА желiлi тышқандардың сан бұлшықет ұлпасына егiлген
жануарлардың эксперименталды гепатокарцинома-29 дамыған iсiктердiң бауыр лимфалық
дренажының құрылымдық өзгерiстерiн анықтау болып табылады. СВА желiлi тышқандардың
сан бұлшықет ұлпасына егiлген жануарлардың эксперименталды гепатокарцинома-29
дамыған iсiктердiң бауыр лимфалық дренажының түрлi буындағы құрылымдарын жарық,
электрондық микроскопия және иммуногистохимия әдiстерi арқылы қарастырдық.
Iсiктiң қашықтан өсу жағдайында, бауырда құрылымдық өзгерiстер дамиды:
гепатоциттердiң көлемдiк және сандық тығыздығының төмендеуi, синусоидты кеңiстiктердiң
көлемдiк тығыздығының өсуi, бауыр прелимфатиктерiнiң мөлшерлерiнiң артуы- Диссе
кеңiстiктерi, синусоидты эндотелиалды жасушалардың iсiнуi, портал трактiлердiң лимфа
тамырларының саңылауларының өсуi.
Алыстағы iсiк өсу жағдайында бауырдың лимфа дренажыны түрлi буындарында
байқалатын құрылымдық өзгерiстерi қанда улы метаболиттердiң болуына байланысты лимфа
түзiлу процестерiнiң артқанын көрсетедi.






