Өкпе қатерлi iсiгi патогенезiндегi молекулалық паттерндер
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
өкпе қатерлi iсiгi, микроРНК, miR-19b-3p, miR-205-3p, miR-155-5p, miR-125b-3p, let-7a-2Аңдатпа
Өкпе қатерлi iсiгi Қазақстанда онкологиялық аурулар өлiмiнiң басты себебi болып табылады. Басқа
қатерлi iсiк аурулары сияқты өкпе қатерлi iсiгi де шығу тегi жағынан көп факторлы сипатқа ие. Оның патогенезiнде
клеткадағы генетикалық-эпигенетикалық өзгерiстер маңызды роль атқарады. Эпигенетикалық ландшафттың өзгеруi,
негiзiнен, микроРНК профилiнiң өзгеруiне байланысты болуы мүмкiн. МикроРНК посттранскрипциялық деңгейде ген
нысандардың реттелуiне қатысатын кодталмайтын РНҚ түрiнде болады. МикроРНК клеткалардың пролиферациясы,
өсуi және тiршiлiк етуi сияқты биологиялық процесстердi бақылайды. Бүгiнгi таңда көптеген қатерлi iсiктердiң, соның
iшiнде өкпе қатерлi iсiгiнiң канцерогенезiне микроРНҚ-ның қатысуы туралы көптеген деректер жинақталған. Сонымен
қатар, микроРНҚ, онкологиялық процестер маркерi, қоршаған ортаның қолайсыз факторлары әсерлерiнiң маркерлерi де
болуы мүмкiн. Осыған байланысты еркiн айналатын микроРНК салыстырмалы талдауы өкпе қатерлi iсiгi науқастары
на және бақылау топтары, яғни өкпе қатерлi iсiгi патаологиясы жоқ топтарға жүргiзiлдi.






